Қытайдан, әлемге қызмет көрсету!
Из Китая, служим миру!
来自中国、服务世界

Тілді таңдаңыз

Қысқаша сипаттамасы
Басты бет > Компания туралы > Қысқаша сипаттамасы

   «NFC Kazakhstan» ЖШС Қытай халықаралық түсті металлургия инженерлік-құрылыс компаниясының (China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction Co., Ltd. (NFC), Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген еншілес ұйымы болып саналады.

Шаруашылық жүргізудегі он жылыдық тәжірибесінің арқасында Компания құрылыс-монтаждау жұмыстарына бірінші категория лицензиясын, жобалау қызметіне сондай-ақ іздестіру қызметіне үшінші категория лицензиясын алды.

Компания ынтымақтастық кезінде және қызметін жүргізу барысында өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, адал болуды, инновацияларды жүзеге асыруды және жетілуге талпынуды өз алдына мідет етіп қояды. 

Компанияның қызмет ету саласы түсті металлургияның ірі жобаларындағы жұмыстарды барлық  кезеңдерде орындау үрдісін түгелдей қамтиды: жобалау, техникалық кеңес беру, жиынтықталған жабдықтарды жеткізу, құрылыс және жабдықтарды орнату, техникалық қызмет көрсету, технологиялық жабдықтарды іске қосу-реттеу жұмыстары, персоналды үйрету.

2006 – 2010 жылдар аралығнда «NFC» компаниясы бас мердігер ретінде Павлодар қаласында бастапқы алюминий өндіретін «Қазақстан электролиз зауыты» (ҚЭЗ)  кәсіпорынын салды. Ақырғы жылдары қуаттылығы жылына 30 миллион тонна болатын Бозшакөл кен байыту зауытының, Ақтоғай кен байыту зауытының, Павлодар мұнай-химиялық зауыты жанындағы коксті бәсеңдету қондырғысын жаңғырту, Павлодар мұнай-химиялық зауыты жанындағы күкірт өңдіру құрылғысын жаңғырту және мұнай коксін қыздыру қондырғысын орнату жобалары аяқталды.

Соңғы жылдары Қазақстан аумағындағы инвестиция мөлшері 150 миллион АҚШ долларын, салық мөлшері 170 миллион АҚШ долларын құрады.

 2016 жылы кәсіпорын «Жалпы салық» номинациясы бойынша «Сала көшбасшысы - 2016» Ұлттық сертификатына (Қазақстан Республикасында құрылыс – монтаждау жұмыстарының өндірісі рейтингісінде жетінші орынға), «Жалпы салық» номинациясы бойынша «Сала көшбасшысы - 2016» Ұлттық сертификатына (Павлодар облысында

құрылыс – монтаждау жұмыстарының өндірісі рейтингісінде біріші орынға) ие болды. Компанияның бас директоры басқару үрдісіне қосқан қомақты жеке үлесі, еңбектегі ерен жетістіктері, кәсіпқойлығы, компания мен ұжымға шын берілгендігі  үшін «Жыл маманы- 2016» атағына ие болды.

«NFC Kazakhstan» компаниясының меншігінде ірі құрылыс жабдықтары және техникасы, тұрғын жай блок-контейнерлері, офистік модульді ғимараттары, тұрмыстық және өндірістік базасы, ірі қоймалары және басқа ғимараттары бар. Сондай-ақ компанияның жүк көтергіштігі 650 тонна  шынжыр табанды 1 краны, жүк көтергіштігі 260 тонна шынжыр табанды 2 краны, жүк көтергіштігі 350 тонна 1 TEREX автокраны, жүк көтергіштігі 200 тонна 2 TEREX автокраны, жүк көтергіштігі 100 тонна 2 TEREX автокраны, жүк көтергіштігі 100 тонна 1 ZOOMLION автокраны, жүк көтергіштігі 80 тонна 2 ZOOMLION автокраны, жүк көтергіштігі 60 тонна 4 TEREX автокраны, жүк көтергіштігі 55 тонна 4 ZOOMLION автокраны, жүк көтергіштігі 25 тонна                    12 автокраны (ZOOMLION және XCMG), жүк көтергіштігі 50 тонна LIEBHERR 2 мұнаралы краны, жүк көтергіштігі 20 тонна LIEBHERR 2 мұнаралы краны бар. Автомұнараларды, экскаваторларды,  жүк артқыштарды, грейдерлерді, автоматты бетон сораптарын, автоматты бетон араластырғышты, өзі аударғыштарды, ашалы тиегіштерді, генераторларды бірге есептегенде барлығы 300 бірлікті құрайды. Сонымен қатар компанияның 3 ірі бетон араластырғыш қондырғысы, 2 үлкен ұнтақтағыш станциясы бар.

 «NFC Kazakhstan» компаниясының өз-ара тиімді ынтымақтастыққа, кәсіпорын мен сыртқы орта арасындағы үйлесімдікке талпынуды ұстанады. Жағымды сипаттама қалыптастырып, корпоративтік имиджін жасады. Әлеуметтік-қайырымдылық шараларға белсенді түрде қатысып, тұрғындарды жұмысқа орналастыру мәселелерін оң шешімін табуға атсалысады.