Қытайдан, әлемге қызмет көрсету!
Из Китая, служим миру!
来自中国、服务世界

Тілді таңдаңыз

Жабдықтар лизингі мен арнаулы техника
Басты бет > Негізгі қызметі > Жабдықтар лизингі мен арнаулы техника

    «NFC Kazakhstan» ЖШС компаниясының ірі құрылыс техникасы, құрылыс жабдықтары, контейнер жатақханалары мен офистері, сондай-ақ құрылыс обьектілері, өндірістік  тұрғын базалары және үлкен қойма-жайлары бар. Компания өзінің арнайы техникасын: 650 т  жүк көтергіш шынжыр табанды кран, 260 т шынжыр табанды екі кран, TEREX маркалы 350 т бір автокран,  TEREX  маркалы 200 т екі автокран, TEREX  маркалы 100 т екі автокран,  70 т екі автокран, 60 т төрт автокран, 55 т төрт автокран, 25 т. он екі автокран, ондаған манипуляторлар, 50 т  Liebherr мұнаралы екі кран, 20 т мұнаралы  екі  кран, биіктікте жұмыс істеуге арналған көлік құралдарын, эксковатор, жүк тиегіш, автогрейдер, бетон-насостық құрылғылар, бетонды тасымалдауға арналған автоцистерналар, өзі аударғыш жүк машиналары, тиеуіш және басқа да 300 жуық арнайы құрылыс машиналары мен техникаларын пайдаланады. Сондай-ақ үлкен бетонқоспалауыш қондырғының үш жиынтығы мен екі ұнтақтағыш қондырғысына иелік етеді. «NFCKazakhstan» ЖШС компаниясының барлығы жүзге тарта құрылыс жабдықтары мен әртүрлі арнайы машиналары бар. Инженерлік құрал-жабдықтармен және көлік құралдары техникалық қызмет көрсетумен қамтамасыз етілген контейнер жатақханалар мен офистерді жалға беруге болады. Жалға берілген инженерлік  техника техникалық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі, сол арқылы құрылыс техникасы мен арнайы машиналарының қалыпты жұмысына кепілдік беріледі. Жалға беру бағасы тиімді, ал техникалық қызмет көрсету жалға берілген кез келген уақыт аралығында сапалы жүргізіледі.  Біздің басты мақсат – тұтынушылар сұранысының  қанағаттандырылуына кепілдік беру. 

> Инженерлік-құрылыс техникасы

> Қызмет көлігі

> Құрылыс жабдықтары

> Офистік және тұрмыстық жай