Қытайдан, әлемге қызмет көрсету!
Из Китая, служим миру!
来自中国、服务世界

Тілді таңдаңыз

    Компаниядағы қауіпсіздік техникасының тұжырымдамасы: ең маңыздысы – адам  өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, сақтық шараларын қолдану, жасырын қауіпті жағдайларды жою.

    Компания қауіпсіздік техникасының  «қауіпсіздік – бірінші орында, ең бастысы – сақтық шаралары, кешенді әкімшілік басқару, тұрақты даму» саясатын ұстанады және құрылыс алаңдарында басқару персоналаның толық жасақталуына ерекше назар аудара отырып, басқару шарттарын жүзеге асырады. Мұнымен қоса, обьекті қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әр бөлім әр посттың басқарылуына және ондағы қауіпсіздіктің бақылауда болуына жауап береді.

    Барлық қызметкерлермен,  ішкі нұсқаулық жұмыстары өткізілгеннен кейін,жергілікті қазақстандық мекемелерде өнеркәсіп қауіпсіздігі, биіктіктегі жұмыс барысындағы сақтық, еңбек қорғанысы және өртке қарсы қауіпсіздік шаралары бойынша дайындық, нұсқау беру және білімдерін тексеру бағытында алдын-ала оқыту жұмыстары жүргізіледі. Оқыту жұмыстары аяқталғаннан кейін қызметкерлерге куәлік беріледі. Дәнекерлеушілерге, электриктерге және басқа да арнайы қызметкерлерге  теориялық білімге қосымша практикалық емтихандар өткізіледі, емтиханнан өткен қызметкерлерге құрылыс алаңында жұмыс жасауға 100 % кепілдік беретін куәлік ұсынылады. 

  

  

》Мұнай-химия зауытында зиянды улы газдармен уланудан шұғыл көмек көрсету авариялық-құтқару жаттығулары.

》Жұмыс орнындағы қауіпсіздік білімдері бойынша жарыстар

》Жобаның құрылыс сатыларындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша дәрістер

》2018 жылға арналған қауіпсіздік шаралары.