Қытайдан, әлемге қызмет көрсету!
Из Китая, служим миру!
来自中国、服务世界

Тілді таңдаңыз

Кадрларды дайындау
Басты бет > Кадрлық ресурстар > Кадрларды дайындау

Оқу концепциясы.

Кәсіпорынның дамуын ынталандыратын бірінші ресурс ретінде адамға назар аудару. Бәсекеге қабілеттілік негізін арттырудың маңызды құралы ретінде компания қызметкерлерінің оқу және шығармашылық қабілетін   қарастыру.  Компания келесі оқу концептісін ұстанады: «жұмыс – бұл оқу, оқу – бұл жұмыс, басшылар – бұл ұстаздар». Қызметкерлерінің тәжірибелік және атқарушылық қабілеттерін арттыруды басты мақсат ете отырып, компания оларға өз-өзін дамытуға кеңістік ұсынады, қызметкерлермен бірлесе дамуға ұмтылады.

Оқу мақсаты.

Үздіксіз оқыту арқылы компания дұрыс жұмыс қатынастары мен кәсіби рухты қалыптастырады, қызметкерлердің кәсіби білімі мен біліктерін  арттырады, осылайша жұмыс тиімділігін көтереді. Нәтижесінде компания  дамуы мен қызметкерлердің өзін-өзі дамыту  арасындағы бірлікке қол жеткізіледі.

Оқыту қағидаттары

Ашықтық қағидаты: кез-келген қызметкер оқуға құқылы.

Жүйелілік  қағидаты: қызметкерлерді оқыту жүйелі түрде,  барлық қызметкерлердің кәсіби мансабы бойында  өтетін үрдіс.

Әртараптылық  қағидаты: мазмұны мен формасы бойынша оқыту әртарапты болып, білім алатын әр түрлі тұлғалардың ерекшеліктерін  ескеруі тиіс.

Шабыт қағидаты: компания     потенциалды және табысты қызметкерлердің оқуына ерекше назар аударады, оларды ықыласпен еңбектенуге  ынталандырады.  

Тиімділік қағидаты: қызметкерлерді оқытудың тиімділігі жеке және командалық жұмыс тиімділігі арқылы көрсетіледі.

Оқу түрі.

Ішкі оқыту: штаттық қызметкерлер, жалдамалы мамандар  мен  арнайы ұйымдар тарапынан оқытылу.

Штаттан тыс оқыту : штаттан тыс арнайы ұйымдар тарапынан зерттеу, ғылыми дәреже, білімділік білігін, біліктілік алу үшін   ұйымдастырылатын  қысқа мерзімді оқу.

Өзін-өзі оқыту: иеленген лауазым  қажеттіліктері мен қызметкердің жеке қалауына  сәйкес басшылықтың рұқсатымен жұмыстан тыс уақытта қызметкерлердің қосымша сырттай білім алуы.

Оқытуды жоспарлау және жүзеге асыру

Оқу жоспары: кадрдың  жалпы жоспары мен әртүрлі бөлімдердің ортақ пікірімен келісе отырып, оқыту талаптарына жүргізілген  зерттеуге сәйкес кадрлар бөлімі жыл  бойындағы тапсырмаларды ескереді және жылдық оқыту жоспарын құрастырады. Ол тексерілгеннен  кейін компания тарапынан бекітіліп, жүзеге асырылады.

Оқытудың жүзеге асырылуы: кадрлар бөлімі оқытудың ұйымдастырылуына, үйлестірілуі мен жүзеге асырылуына жауап береді. Әр бөлім оның қызметімен байланысты курстардың оқытылуына жауап береді.