Қытайдан, әлемге қызмет көрсету!
Из Китая, служим миру!
来自中国、服务世界

Тілді таңдаңыз

Даму жоспары
Басты бет > Компания туралы > Даму жоспары

«NFC Kazakhstan» компаниясының даму жоспары

    «NFC Kazakhstan» ЖШС Қытай халықаралық түсті металлургия инженерлік-құрылыс компаниясының (China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction Co., Ltd. (NFC), Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген еншілес ұйымы болып саналады. Компанияның қызмет ету саласы түсті металлургияның ірі жобаларындағы жұмыстарды барлық  кезеңдерде орындау үрдісін түгелдей қамтиды: жобалау, техникалық кеңес беру, жиынтықталған жабдықтарды жеткізу, құрылыс және жабдықтарды орнату, техникалық қызмет көрсету, технологиялық жабдықтарды іске қосу-реттеу жұмыстары, персоналды үйрету. Компанияның құрылыс-монтаждау жұмыстарына бірінші категория лицензиясын, жобалау қызметіне сондай-ақ іздестіру қызметіне үшінші категория лицензиясы бар.

    Заманауи нарықтағы бәсекелестік деңгейінің жоғарлауы сонша, үнемі дамуға  қабілетсіз кәсіпорындар нарықтан ығыстырылуда. «NFC Kazakhstan» компаниясы ақырғы жылдары кәсіпорынның даму қарқынының озуын, тиімділіктің артыуын,  материалдық-техникалық базаның күшейуін, қызметкерлердің еңбекақысының өсуін қамтамасыз етуге бағытталған стратегиясын дұрыс қалыптастыруының арқасында Қазақстанның құрылыс нарығында өзінің жайғасымын едәуір бекітті.    

Ⅰ. Кәсіпорынды дамытуға арналған ортаны талдау

1. Сыртқы ортаны талдау

1.1. Индустриалды құрылымдағы жақсарулар, құрылымдық жобаларға мемлекеттік инвестицияның өсуі Қазақстанның әрбір аумағында жол құрылысының дамуын, тұрғынүй қорын жаңартуды ынталандырды. Сонымен қатар кен өндіру және ауылшаруашылық салаларына сыртқы инвестициялар артуда. Осының бәрі NFC компаниясы әлеуетінің одан әрі дамуына жаңа шабыт береді.

1.2. Индустриалды құрылымын дамыту және тұрғын үй қорын жаңарту  барысында жоғары білікті құрылыс командасына сұраныс пайда болады. Қазақстанда құрылыс-монтаждау секторында қызмет ету лицензияның болғанын талап етеді. NFC компаниясының тиісті лицензиясы бар, сондай-ақ бірегей артықшылығы басым.  

1.3. Сыртқы инвестициялық саясаттың ырықтандырылуына қарай Қазақстанда инвестициялық ірі өнеркәсіптік жобалар саны артатын болады.

    2. Ішкі ортаны талдау

2.1. Компания ынтымақтастық барысында серіктестерімен сенімгерлік қарым-қатынасты қолдайды. Ол компанияның даму жолында жақсы қолдауға ие болу мүмкіндігін туғызады.

2.2. Компания құрылыс техникасы мен жабдықтарының толық жиынтығына ие.

2.3. Компанияның құрылыс-монтаждау жұмыстарына бірінші категория лицензиясы бар. Компанияның қызмет ету саласы түсті металлургияның ірі жобаларындағы жұмыстарды барлық  кезеңдерде орындау үрдісін түгелдей қамтиды: жобалау, техникалық кеңес беру, жиынтықталған жабдықтарды жеткізу, құрылыс және жабдықтарды орнату, техникалық қызмет көрсету, технологиялық жабдықтарды іске қосу-реттеу жұмыстары, персоналды үйрету.

    ІІ. Даму бағдарламасы

    Компания өзін дамыту жолын таңдай отырып, жобаларға қызмет көрсетуге кепілді береді.

1. Компания құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша тендерлерге белсенділікпен қатысып, орындауға мүмкіндігі жететін жобаларға қатысады. Компания нарықта мықты бәсекелестік имидж қалыптастыратын мердігерлік жобалармен белсенділікпен айналысады.

2. Компания инженерлік басқару бөлімі жанындағы ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіруде, құрылысты жүзеге асыру үшін білікті техникалық персонал мен жұмыс күшін тартады. Сондай-ақ жоба басқармасы қызмет көрсеткен кезде компания жергілікті құрылыс нарығында қатысады.

3. Жобалау қызметіне берілген лицензия санатын үшіншіден екіншіге жоғарлату мақсатында компания қызмет саласын кеңейтіп, компания менеджменті құрылымын өзгеру арқылы құрылыс қызметін күшейтуді жүзеге асыруда.

4. құрылыс нарығында бәсекелестік қабылетін арттыру мақсатында ерікті жеткізушілер тізілімін құрауды, жергілікті тұрғындардан құралған білікті бригадаларды тартуды, кәсіпорынның техникалық күшін жетілдіруді жүзеге асырады.

5. Міндеті материалдық-техникалық бақылау бөлімшеге бағынатын, барлық техникаға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және бақылау жүргізу болып саналатын арнайы техниканы бақылау бөлімі арқылы арнайы техниканы, жабдықтар мен құрылыс материалдарын бақылауды күшейтуде. Сондай-ақ, құрылыс материалдарын және мүлікті тарату және қабылдау және кешенді қызмет көрсету, сумен жабдықтау, электр энергиясы, жылыту жүйесін жөндеу және басқа да түрлі ұсақ жұмыстар бөлімі бар.

    6. Даму стратегиясы

6.1. Кооперативтік компаниялармен ынтымақтастықтың және имиджінің артықшылығының арқасында компания жергілікті нарықта өзінің бейімділігін арттырып, жергілікті азаматтық құрылыс нарығында бәсекелестікке белсене қатысады.

6.2. Компанияда жаңа жобаларды іздестірумен, зерттеулер жүргізумен және түрлі ақпарат әзірлеумен, тендерлерге қатысу үшін қажет мәліметтер ұсынумен айналысатын дамыту және жобалар жасау бөлімі жұмыс істейді.

6.3. Компания жүзеге асырылуы мүмкін азаматтық құрылыстарға белсенді қатысады. Құрылыс жұмыстарын орындау барысында басты компанияның объектіні басқару жөніндегі құрылымымен тығыз байланысқа қолдау көрсетіліп, жұмыстарды сапалы орындау бойынша шаралар қарастырылады.   

    Қоғамға үлес

7.1. Компания жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту бағдарламасына және Павлодар облысы әкімдігінің әлеуметтік бағдарламаларына қатысады.  

7.2. Компания Павлодардағы ментальды ауытқулары бар балаларды сауықтыру орталығына көмектесуді белсенді түрде жалғастырып келеді және мектептерге қаржылай көмек көрсетуде.

    Ⅲ. Кепілдікпен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар

Компания жқызметкерлер үшін Қазақстан Республикасындағы еңбек қауыпсіздігі және қорғау талаптары бойынша оқу және білімдерін тексеру ұйымдастырып, нұсхама өткізеді.

2. Бес миллионнан аса сомаға қосалқы мердігерлік жұмыстар шартына, арнайы техниканы жалға алу туралы және басқа да шарттарға қол қояр алдында шарт заңгердің қатысуымен тексеріліп, жете зерттеледі. 

3. Компания құрылыс объектісіне тапсырыс берушіні таңдау жөніндегі тендерлік конкурсқа бақылау жүргізеді, адал мердігерлік ұйымдардың тізімін жүргізеді, тәртіпсіз мердігерлермен бірлесіп жүргізген жобаларды орындау барысында туындаған мәселелерге ерекше көңіл аударады.

4. Компания жоба қаржысының қозғалысын бақылайды, жұмыс кестесіне сәйкес есеп айырысуды жүзеге асырады, келісімшарттардың орындалуын және тіуекелді бақылауды жүзеге асырады.

5. Компанияның  еңбекті қорғау және қауыпсіздігі, сапа менеджменті жіне қоршаған ортаны қорғау саласындағы мақсаты жазатайым оқиғаларды болдырмау, қоршаған ортаны сақтап қалу.

    Келер бес жылдың ішінде «NFC Kazakhstan» компаниясы өзара тиімді ынтымақтастықты ұстанып, қоғамның дамуына үлесін қосып, әлеуметтік қамтамасыздандыру шараларына белсенді қатысып, жергілікті тұрғындарды  жұмыспен қамту мәселесін шешуге көмектесетін болады. Сондай-ақ компания жергілікті билік органдарына және тиісті құрылымдарға қаржылай материалдық көрсетуін, арнайы техника мен құрылыс мәселелерін қолдауды жалғастырады.

    Біз қоғаммен корпоративтік үйлесімде болуға, жауапты корпоративтік имидж қалыпастыруға тырысамыз, Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы Жол» - жарқын болашаққа бастар жол» мемелекеттік бағдарламасының 2030 жылға дейін жүзеге асырылуына өз үлесімізді қосамыз.