Қытайдан, әлемге қызмет көрсету!
Из Китая, служим миру!
来自中国、服务世界

Тілді таңдаңыз

Құрылыс зертханасы
Басты бет > Негізгі қызметі > Құрылыс зертханасы

    «NFC Kazakhstan» ЖШС-да құрылыс материалдарының сапасын бақылауды (кіріс және операциялық), сондай-ақ құрылыс барысында туындайтын, жұмысты жүргізу үрдісіне айтарлықтай әсерін тигізетін  ауытқуларды жоюды қамтамасыз ететін буын – кәсіпорынның Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген құрылыс зертханасы.  Ол келіп түскен шикізаттар, құрылыс материалдары және дайын өнімдер сапасының мемлекеттік стандарттар талабына сәйкестігін  өзінің зертханалық бақылауынан өткізетіндіктен кәсіпорынның кез келген құрылыс қызметінде сенімді тірегі болып табылады.

    Құрылыс және монтаждау жұмыстарының сапасын бақылауды дұрыс ұйымдастыру біздің компанияның құрылыс объектісі құнының артуына жол бермеуге, құрылыс кезінде және ғимаратты пайдаланған кезде түрлі апатты және штаттан тыс жағдайларды болдырмауға, сондай-ақ кемшіліктерді түзетуге ірі шығын жұмсаудан құтылуға мүмкіндік береді.

  

 

    Құрылыс материалдарының сапасын бақылауды (кіріс және операциялық), сондай-ақ құрылыс барысында туындайтын, жұмысты жүргізу үрдісіне айтарлықтай әсерін тигізетін ауытқуларды жоюды қамтамасыз ететін буын – кәсіпорынның Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде МемСТ ИСО МЭК 17025-2009 талаптарына сәйкестікке аккредиттелген құрылыс зертханасы болып табылады. Аккредитация аттестаты 2015 жылғы 3 қарашадағы № KZ.И.14.1662. Аттестат 2021 жылға дейін жарамды.    

    Құрылыс зертханасы 2014 жылы қазан айында ұйымдастырылды. Зертхана мәлімделген аккредитация саласы шеңберінде құрылыс материалдары мен құрылым сапасын растау мақсатында сынақтар өткізу үшін қажет барлық жабдықтармен және өлшеу құралдарымен  қамтамасыз етілген. Зертхана орналасқан жай зертханалрға қойылатын талаптарға сәйкес.

    Зертхананы тексеру өткізіліп, ҚР ҮҚ 25.01.2012ж. №168 «Зетрханаларға қойылатын санитарлық-эпидемиялық талаптарға» сәйкестігіне 24.11.2014 ж. № 3-27а/560 санитарлық-эпидемиялық қортынды берілді.

    2016 жылы тамызда Астана қ. «Ұлттық аккредитациялау орталығы» ЖШС бірінші инспекциялық тексеріс  өткізіп, құрылыс материалдары мен құрылым сапасына бақылау жүргізген кезде зертхананың құзыреттілігін растады.

    2018 жылғы 3 тоқсанда  Қазақстан Республикасының аккредитация жөніндегі органының екінші инспекциялық тексерісі күтілуде.

    Зертхананың негізгі мақсаты құрылыс жұмыстарының орындалуын, қолданыстағы шикізат сапасын кіріс бақылауды және дайын өнім сапасын операциялық бақылауды уақтылы тексеру болып табылады.

Бұл, жойылған жағдайда кейін қосымша шығындарға әкеп соғатын, көрінбейтін ақауларды және шала істелген жұмыстарды дер кезінде анықтауға  мүмкіндік береді.

Құрылыс зертханасының бастығы: Морозова Вера Петровна.

Почта: pacificocean26@mail.ru.

Ұялы тел.8775302 0012; 8705451 3536;