Қытайдан, әлемге қызмет көрсету!
Из Китая, служим миру!
来自中国、服务世界

Тілді таңдаңыз

Негізгі қызметі
Басты бет > Негізгі қызметі

    Топ ынтымақтастық кезінде және қызметін жүргізу барысында өзінің артықшылығына сүйене отырып, адал болуды, инновацияларды жүзеге асыруды және жетілуге талпынуды өз алдына мідет етіп қояды. Компанияның қызмет ету саласы түсті металлургияның ірі жобаларындағы жұмыстарды барлық  кезеңдерде орындау үрдісін түгелдей қамтиды: жобалау, техникалық кеңес беру, жиынтықталған жабдықтарды жеткізу, құрылыс және жабдықтарды орнату, техникалық қызмет көрсету, технологиялық жабдықтарды іске қосу-реттеу жұмыстары, персоналды үйрету.

    NFC компаниясы Еуразия Банкімен, ЦентрКредит Банкімен жағымды серіктестік қарым-қатынасқа қол жеткізді. Қытай Эксим Банкімен, Қытайдың сауда-өнеркәсіптік банкімен, Қытай Банкімен және Жібек жолы қорымен ұзақ мерзімді және достық қарым-қатынасының арқасында компания жобаға инвестиция салып, қаржылай көмек көрсете алады. Қаржылық артықшылығы мен корпаративтік брендінің арқасында белсенді түрде клиенттерді тарта отырып, компания мыс концентратын сату саласында ERG тобымен ынтымақтастық етеді. Сонымен қатар компания Қытай өндіруші зауыттарымен ынтымақтастық арқылы құрылыстық-монтаждау бұйымдары мен басқа да қосымша материалдар бойынша импорттық-экспорттық қызмет көрсетумен айналысады.