Қытайдан, әлемге қызмет көрсету!
Из Китая, служим миру!
来自中国、服务世界

Тілді таңдаңыз

Қысқаша сипаттамасы

       NFC компаниясы  (түсті металлургия бойынша  халықаралық қытай инженерлік-құрылыс компониясы) 1983 жылы меммлекеттік кеңес бұйрығы негізінде құрылды. Компанияның  негізгі бағыты – халықаралық мердігерлік қызмет және түсті металдардың минералдық ресурстарын өндіру. 1997 жылдың  16 сәуірінде  активтерді қайта ұйымдастыру, жоғары сапалы активтерді бөлу, қайта рәсімдеуден кейін  құрылу бағытында жұмыстар жүргізілді,  шеньгжень қор нарығында акцияларға баға белгіленді (Котировка коды 000758). Компания бірнеше жыл қатарынан американдық журнал пайымдауымен  әлемдегі ең үздік  225 мердігерлік компания және  200 жобалаушы компания тізіміне енеді. 2008 жылы ірі көлемдегі жабдықтардың электромеханикалық өнімдерін импорттау-экспорттау бойынша Қытай сауда палатасымен ААА кредиттік рейтингке ие  компания атағы, сондай-ақ шетелдік жобалар бойынша ААА кредиттік рейтингке ие мердігерлік компания атағы тағайындалды. Үздіксіз  бірнеше жыл қатарынан  Қытайдағы 100 көшбасшы лизингтік компаниялар тізімінде болу құрметіне ие болып келеді.

       NFC компаниясы техникалық менеджмент бойынша  ірі халықаралық кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорын инженерлік-техникалық қызмет бойынша халықаралық ынтымақтастық саласында келесі мақсаттарға негізделеді: «адалдық негізінде, инновацияда – ақиқат, мінсіздікке ұмтылыс». Жетілген коммерциялық және техникалық басқару жүйелеріне, жоғары білікті инженерлер командасы мен мықты шетелдік ұйымдарға сүйене отырып, компания қызметі түсті металлургия өндірісінің барлық үрдісін қамтиды, атап айтар болсақ, жобалау, техникалық кеңес беру, кешенді жабдықтармен қамтамсыз ету, жабдықтарды құру және орнату, техникалық қызмет ету,  тәжірибелік тапсырма  негізінде пайдалануға беру, персоналды оқыту.

       Мемлекеттік қолдау, нарықты игеру, ғылыми жобалау, капитал салу және қаржыландыру, ресурстарды барлау және зерттеу,жобаларды басқару, жабдықтарды жеке, сондай-ақ жиынтықта жеткізу жүйесін топтастыру арқылы кешенді жабдықтарды жасау және жеткізу, түсті металлургия саласындағы мамандарды оқыту негізінде  салыстырмалы кешенді артықшылықтар, ресурстарды ұйымдастырудың арнайы мүмкіндіктері қалыптасты. Түсті металлургияның пайдалы қазбаларын қолдану үрдісінде компания қоршаған ортаны қорғау  маңыздылығына ерекше назар аударады. Мұны түсті металлургия өнімін өндірудың әр кезеңінде ескере отырып, компания халықтың пайдалы қазбаларын барынша тиімді қолдану,  әлеуметтік-экономикалық дамуға жағдай жасау, адамдар мен табиғат арасында үйлескен орта құру бағытында жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Соңғы жылдары компания негізгі бәсекелестікті дамытуға баса назар аударды, әлеуметтік ресурстарды  оңтайландыруда бірегей дағдыларды және түсті металлургия саласында ауқымды өнеркәсіптік жобаларды басқару мүмкіндіктерін қалыптастырды.  Келісімшарттық жұмыс  қызметі бірнеше нарықтық  аймақта белгіленген: Таяу Шығыс аймағы Иранда орналасса, солтүстік орта Азия аймағының орталығы - Қазақстан, оңтүстік орталық Африка аймағының орталығы – Замбия болып табылады, сондай-ақ  Вьетнам, Лаос, Монғолия, КХДР, Индонезия, Филиппины сияқты көршілес елдер.

       Компанияның пайдалы казбаларды өндіру бағытындағы қызметі тұрақты түрде дамуда, негізінен Монғолиядағы ресурстық база, Чифэн стратегиялық ресурстық базасы, онтүстік  негізінде сирек жер ресурстық базасы, Лаостағы қосымша бокситтік ресурстық база негізінде ресурстарды өндіру құрылымы қалыптасты. Сондай     -ақ компания Австралия сияқты дамыған пайдалы қазбалар нарығында жаңа жобаларды белсенді түрде іздестіруде.  Үздіксіз ашылу және даму жолымен компанияның жиынтық активтері мен тиімді мүмкіндіктері тұрақты түрде артып келеді. Компания Шеньгжень қор нарығында 100 үздік индекстелген акция  және Шанхай қор нарығында 300 үздік индекстелген акция қатарына енді.