Қытайдан, әлемге қызмет көрсету!
Из Китая, служим миру!
来自中国、服务世界

Тілді таңдаңыз

Кәсіпорын жаңалықтары
Басты бет > Компания туралы > Жаңалықтар > Кәсіпорын жаңалықтары

NFC компаниясының Көксай жобалық кәсіпорынға салған инвестициялары

    KAZ Minerals Тобы Non Ferrous China (NFC) компаниясының Көксай жобасына $70 млн инвестиция салатынын хабарлайды.  Инвестиция орнына NFC Көксай жобасының 19,4% үлесіне ие болады.

    Көксай – бұл Алматы қаласынан 230 километр қашықтықта орналасқан ашық типтегі мыс кенішін игерудің әлеуетті жобасы. Кен орынның минералды ресурстары – құрамында 3,1 млн тонна мыс бар 736 млн тонна кен. Кендегі мыстың орташа үлесі 0,42%.

    NFC-ның жобалық кәсіпорынға салуға дайын $70 млн – бұл Көксайды игеруге, оның ішінде техника-экономикалық негіздемеге арналған резервтік қаражат. ТЭН аясында тау-кен және қайта өңдеу өндірісінің үлгісін және оған қатысты күрделі бюджетті анықтау жоспарланып отыр. Директорлар кеңесі ТЭН нәтижелерін қарап, жоба қалай және қай мерзімде іске асатынын анықтайды.

    KAZ Minerals Тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук былай деп мәлімдеді: «Біз NFC компаниясын Көксай жобасы бойынша серіктес ретінде көруге қуаныштымыз. Аталмыш компаниямен Бозшакөл мен Ақтоғайдың құрылысы кезінде табысты жұмыс істедік. Бұдан кейінгі қарым-қатынасты да нығайтуға мүдделіміз. Әзірге бұл мүмкіндіктер бағалануда».