Қытайдан, әлемге қызмет көрсету!
Из Китая, служим миру!
来自中国、服务世界

Тілді таңдаңыз

қоғамға қызмет көрсету
Басты бет > Компания туралы > Жаңалықтар > қоғамға қызмет көрсету

Бірлесіп даму жолында қол ұстасып, болашаққа көз салып,

«Бір белдеу бір жол» шеңберінде достықтың жаңа деңгейіне қол жеткізу.

«NFC Kazakhstan» ЖШС компаниясы алты коворкин орталығына демеушілік етті

    Түрлі іспен айналысатын адамдарға ортақ кеңістік ұсыну мақсатында, Павлодар облысындағы жұмысшылардың іспен айналысуын дамытуды ынталандыру мақсатында «NFC Kazakhstan» ЖШС компаниясы алты коворкинг орталығына жәрдем көрсету жөніндегі ұсынысты белсенді түрде қолдады. Қайырымдылықтың барлық сомасы 11 004 700 теңге, 230 мың қытай юаніне тең. Алты коворкинг орталығын ашу аумақтары 70-150 ㎡ аралығында, жеткілікті оргтехникамен (компьютер, принтер, прожектор, акустикалық жүйе және басқа құрылғылар) және офиске арналған жихазбен (үстел және орындықтар, кітап сөрелері, мұрағат сөрелері және басқа қосалқы құрылғылар (кулер, музыкалық плеер және т.д.). жеткілікті жабдықталған облыстық, қалалық кітәпханаларға сүйене отырып, жүзеге асырылды. Әрбір орталықта балалрға арналған кітәптар, ойыншықтар, басқа да құрылғылар бар және барлық зоналар түрлі мамандық пен әр түрлі топ адамдарына әбден қолайлы. Алты коворкинг орталығының біреуі халықтың әлеуметтік осал тобына арналған. Онда релефті-нүкте жазумен жазылған кітаптар бар және Брайль жазуын оқи алмайтын зағип жандар дыбысты құрылғылардың көмегімен аудиокітаптарды тыңдай алады.   

    Бұл жоба әкімдіктің жетекшілігімен жүзеге асырылып отырған Президенттің «Рухани Жаңғыру» бағдарламаларының бірі болып табылады. Коворкинг әр түрлі іспен айналысатын адамдарды ортақ кеңістікке үйлестіру, жиналыс, оқытулар, іскерлік келіссөздер және басқа да мәдени шаралар өткізуге арналған орын ашу тәсілдемесі деген мағынаны білдіреді. Жұмысын облыстық, қала кітапханалары ұйымдастырған «Бірлескен жұмыс» орталығын Павлодар облысының әкімдігі басқарады, ал демеушілік етуші «NFC Kazakhstan» ЖШС компаниясы. 2018ж. 6 мамырдан бастап алты коворинг орталығы кезең-кезеңмен пайдалануға беріліп, жергілікті тұрғындардың жоғары бағасына ие болды.  

   

    Алғашқы коворинг орталығы ашылған күні кішігірім болсада қызу шара өткізілді. «NFC Kazakhstan» ЖШС компаниясының өкілі Павлодар облысы әкімнің орынбасарымен және мәдениет басқармасының басшысымен кездесу және келіссөздер жүргізді. Кітапхана қызметкері коворинг орталығының бағыты туралы егжей-тегжей айтып берді. Облыс әкімінің орынбасары сөз сөйлегенде «NFC Kazakhstan» ЖШС компаниясына тұрғындарға көпфункционалды және әмбебап орын ұсынғаны үшін алғыс білдіріп тұрып, бұл жерде армандарды жүзеге асыруға бастама бар, өз арманыңды жүзеге асыру үшін талпыныс алуға, өзгеріс кезеңіне аяқ басуға мүмкіндік бар екендігін, ашылған орталықтар жұмыспен қамтылудың негізгі платформасына айналатынын айтты. Сонымен қатар, кітапхана басшысы жергілікті тұрғындардың атынан компанияға ұзақмерзімді көмек және білім беру, мәдениет, қайырымдылық және басқа саласныда көмек және қолдау көрсеткен үшін ризашылық білдірді. Ол болашақта компаниялар мен үкімет арасында қарым қатынастың нығая түсетініне, екі жаққа да тиімді болатындай  бірлесіп қызмет атқаратына сенеді.  

    Коворкинг орталығын ашу шарасын өткізу барысында «NFC Kazakhstan» ЖШС-ның қаржы директоры Хуан Юнь мырза «NFC Kazakhstan» ЖШС компаниясының өкілі ретінде қысқаша сөз сөйледі. Сөз сөйлеу кезінде ол халыққа осындай пайдалы платформа құрған үшін және аталмыш компанияның өзге компаниялармен және әлеуметтік топтармен қатар Павлодар облысында және Қазақстан Республикасы аумағында қайырымдылық қызметін дамытуға қатысу мүмкіндігіне ие болғаны үшін ең әуелі үкіметке алғыс айтты. Сондай-ақ ол орталықты таза және тиісті тәртіпте ұстаған үшін кітапхана басшылығына ризашылық білдіріп тұрып, былай дед: «Балалар мен жастар аймақтың, елдің және ұлттың болашағы болып табылады. Олар үшін осындай тегін және жайлы орын ашу қайырымдылық іс болып саналады. Қайырымдылық шараларын бірлесіп іске асырудың арқасында Қытай кәсіпкерлері мен Қазақстан Үкіметі арасында сенімділік пен түсінушілік тереңдей түсіп, экономикалық және сауда ынтымақтастығын  дамытып, екі елдің өз-ара ойларымен алмасуда пайдалы қарым қатынас қалыптасады. Біз осындай қайырымдылық шараларға қуана қатысамыз. «Бір белдеу, бір жол» жобасын жүзеге асырушылардың қатарындағы мүшесі ретінде біз Қытай мен Қазақстанның достығының нығаятынына сенеміз.  Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен «Қазақстанның Нұрлы Жол» бағдарламасы сабақтастығы жарқын жетістектерге қол жеткізеді деп үміттенеміз.

 

    Орталық ашылған күні отанды қорғаушылар күні болатын. Көптеген әскери тұлғалар Коворкинг орталығының ашылуына қатысты. Олардың қатысқандары жас ұрпаққа шабыт берді. Олардың барлығы осы орталыққа демеушілік көрсеткен үшін біздің компанияға жоғары баға беріп, қошемет сөздерін айтты.

    Коворкинг орталығының ашылу рәсіміне қатысу үшін оқушылар мен орталыққа жақын жерде тұратын тұрғындар да келді.

    «NFC Kazakhstan» компаниясы Бозшакөл, Ақтоғай ТКБК, МКҚҚ құрылысын орындап, БКҚ (баяу кокстау қондырғысын), КӨК (күкірт өндіру комбинатын) қайта жаңартты. Жқмысын атқару барысында компания Қазақстан Республикасының ережелері мен заңнамаларын қатаң қадағалайды. Салық кодесіне сәйкес салықты уақытында төлеп, еңбекпен қамтуға жағдай жасап, жоғары айлық белгілеп, жағымды атмосфера қалыптастыруға тырысады. Компания жергілікті тұрғындар үшін 6 000 жұмыс орынын ашты, өз ісіне жауапты және сенімді корпаративтік имиджін қалыптастырды. Серіктесіне сапалы техникалық қызмет көрсетіп қана қоймай, әлеуметтік шараларға жауапкершілікпен қарайды. Әрдайым қайырымдылық көмек көрсетеді. Балалар сауықтыру орталығына және мүгедек балалары бар отбасыларына қаржылай көмек берді, қаржылық қиындықтары бар отбасыларынан шыққан үздік оқушыларға ақшадай сыйлық берілді. Оқу үздіктеріне Қытайда оқуға мүмкіндік береді, Қытайда жоғары оқу орындарында, магистратурада оқитын студенттерге қаржылай көмек береді.  

 

> NFC Kazakhstan Қайырымдылық