Қытайдан, әлемге қызмет көрсету!
Из Китая, служим миру!
来自中国、服务世界

Тілді таңдаңыз

Армандар орындалады, бақытты болып өсіп келеміз!
Басты бет > Әлеуметтік жауапкершілік > Қайырымдылық > Армандар орындалады, бақытты болып өсіп келеміз!

    2018 жылғы 1 маусымда, халықаралық балаларды қорғау күні 7 адамнан құралған «NFC KAZAKHSTAN» ЖШС компаниясының өкілдері балаларға арналған үш мекемеге: Павлодар қалалық балаларға арналған психоневрологиялық орталыққа, Павлодар қаласының ментальды ауытқылары бар балаларға арналған сауықтыру орталығына және Жетекші ауылының орта мектебіне барып қайтты. Аталмыш мекемелерге компания барлығы 500 000 теңгені құрайтын сомаға (10 000 юань) демеушілік көмек көрсетті, сыйлықтар арасында балалр алаңына арналған жазғы тент, ойыншықтар, тәттілер, кітаптар және т.б. болды.

    Қазақстан уақыты бойынша 10:00-де біз Павлодар қалалық балаларға арналған психоневрологиялық орталыққа келіп жеттік. Мерекелік шараның басында орталық директоры барлық қатысушылар алдында бізге қошемет көрсетіп, қайырымдылық шараға қатысқан үшін біздің компанияға алғысын білдірді. Балалар да алғыс ретінде өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік атмосферада барлық балалар ән айтып, би биледі, ойындар ойнады. Кейбір балалар мұғалімдердің жетекшілігімен сахналық қойылымдар көрсетті. Осындай қуанышты шараға қатысқан балалардың барлығы өте бақытты болып көрінді. Компания өкілі Хуан Юн мырза балаларды мерекемен құттықтап, тез сауығып кетулеріне тілек білдірді. Содан кейін орталықтың директоры бізге кіші-гірім экскурсия ұйымдастырып, орталықты көрсетіп және балаларға арналған психоневрологиялық орталықтың тарихын әңгімелеп берді. Балаларға қарап және олардың сырқаттарынан айығуға деген талпыныстарын көріп біз әрі таң қалдық, әрі аяныш сезімінде болдық. Біз кетерде балалар бізбен қол алысты. Сол жерде бәріміз ескерткішке топтық фотосуретке түсіп, балалардың арман-тілектері орындалсын деп аспанға әуе шарлар ұшырдық.

    Бізді сағат 13:00-ге Ментальды ауытқылары бар балаларға арналған сауықтыру орталығы халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шараға қатысуға шақырған болатын. Сауықтыру орталығының директорымен болған сұхбаттан кейін біз балаларға өз тілектерімізді білдіріп, мерекелік сыйлықтарымызды тараттық. Балалрға арналған сауықтыру орталығы «NFC Kazakhstan» ЖШС-ның демеушілік етіп және жәрдемдесуінің арқасында құрылған. Орталықтың құрылуы аутизмі бар балаларға өмірлік жайлы жағдайлар жасауға, сондай-ақ оларға кәсіби көмек көрсетуге, орталықтың қызметкерлеріне қамқорлық жасауға мүмкіндік туғызуда. «NFC Kazakhstan» ЖШС компаниясы бірнеше жылдар бой орталыққа қаржылық көмек көрсетіп келеді.  2016 жылғы қарашада 5 млн теңге (100 000 юань) көлемінде демеушілік етті.

    Сол күні түстен кейін компанияның 7 өкілінен құралған топ оқу үздіктеріне сыйақы табыстау үшін Жетекші орта мектебіне аттанды. Бізге мектеп директоры шын жүректен ризашылық білдіріп, балалар алғыс ретінде тамаша би билеп берді. Балалар өнер көрсетіп болғаннан кейін директор «NFC» деп жазылған үлкен тортты алып шықты. Балалар бізге жақындап келіп, қытай тілінде «Сәлеметсіздер ме» және «Рахмет» деп жаты. Мектепке көп жылдар бойы қаржыландыру мен көмек көрсеткеннен басқа «NFC Kazakhstan» ЖШС мектеп жанында орнатылған екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларға арналған ескерткішке жөндеу жүргізді. Жергілікті тұрғындар жұмыс киімінде «NFC» деп жазылған біреуді көрсе бірден амандасып, қол алысады.

    Компания өзінің құрылған сәтінен бастап аймақтың жағдайын ескеріп отырады және де өзінің әлеуметтік жауапкершіліктерін де ұмытпайды.

    Компанияның бірнеше жобасы жүзеге асырылу барысында тікелей не жанама түрде 2000 жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып, жергілікті органдардың жергілікті халықты жұмыспен қамту проблемасы жартылай шешілді.

    Компанияда ҚР еңбек заңнамасына сәкес еңбек шартын жасасқан 150 адам жұмыс істейді. Қызметкерлердің еңбек ақысының деңгейі басқа ұйымдарға қарағанда жоғары болып саналады.

    Сондай-ақ біздің компания мұқтаж отбасыларының балаларына мектеп киімдерін әперді, қауыпсіздік тосқауылдарын жөндеді.

    Жергілікті қызметкерлерге және мемлекеттік мекемелерде көптеген іс-шаралар ұйымдастырды. Мұқтаж адамдарды азық-түлікпен қамтып, апаттан зардап шеккендерге барынша көмек көрсетті.