Қытайдан, әлемге қызмет көрсету!
Из Китая, служим миру!
来自中国、服务世界

Тілді таңдаңыз

«Ақтоғай ТКБК құрылысы» бөлімшесі. Қайырымдылық шаралары.
Басты бет > Әлеуметтік жауапкершілік > Қайырымдылық > «Ақтоғай ТКБК құрылысы» бөлімшесі. Қайырымдылық шаралары.

«Ақтоғай ТКБК құрылысы» бөлімшесі. Қайырымдылық шаралары.

    1) Компания өзінің әлеуметтік міндеттерін белсенді орындайды. Актоғай кентінің №8 орта мектебін оқушылар киімінің 38 жиынтығымен қамтамасыз етті. Оқушылардың қауіпсіздігі  үшін мектептің айналасын периметрі 50м қоршаумен қоршады. Ол жөнінде ай сайынғы жергілікті журналда жарияланды.  

    2) Жергілікті тұрғындардың тұрғын үйлерін жөндеуден өткізуге 5 миллион көлемінде материалдық көмек беріп, алаңшаны бетондау үшін көлемі 50 куб бетонмен қамтамасыз етті.

    3) жолдарды жөндеу үшін материалдар тасымалдауға Ақтоғай әкімдігіне жүз мыңнан аса арнайы техника ұсынды, көлемі 10 мың литрге жақын отынмен тегін қамтамасыз етті.

    4) Жергілікті қызметкерлерге, медицина қызметкерлеріне және басқаларға қамқорлығын білдіріп, мереке күндері мерекелік сыйлықтар беріп, қойылымдар ұйымдастырды.

    5) ШҚО және Ақтоғай кентінде тұратын 935 адамды жұмысқа тарту арқылы жергілікті атқару органдарына халықты жұмыспен қамтуға көмектесті.

    Компания жергілікті жұмысшылармен бірлесе отырып, Қазақстанның мереке күндері мерекелік шаралар өткізді. Аурухана және басқа ұйымдарға қытай ұлттық нақышында жасалған кәдесыйлар сыйлады. Компанияның әдеби-көркемөнер тобы құрылыс алаңында бірнеше рет өз өнерін көрсетті. Қытай жұмысшылары Наурыз мерекесін өткізуге қатысты.

    Қытайдың дәстүрлі мерекесі құрметіне «Ақтоғай ТКБК» бөлімшесі екі мәрте қытай және қазақ тағамдары фестивалін өткізді. Онда Қытай мен Қазақстан достығының лебі сезілді.

    2015 жылдың соңында ШҚО әкімі NFC компаниясына алғыс хат жолдап, Ақтоғай кентінің әкімі марапат қағазын табыстады. Онда NFC компаниясына қайырымдылық қызметтері үшін және жергілікті экономиканың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірілген.