Қытайдан, әлемге қызмет көрсету!
Из Китая, служим миру!
来自中国、服务世界

Тілді таңдаңыз

Павлодар аймағының жергілікті мектептеріне арналған қайырымдылық шаралар
Басты бет > Әлеуметтік жауапкершілік > Қайырымдылық > Павлодар аймағының жергілікті мектептеріне арналған қайырымдылық шаралар

   

    2018 жылғы 10 мамырда «NFC Kazakhstan» ЖШС компаниясының өкілдері Жетекші кентінің орта білім беру мектебіне барып қайтты.  Мектеп ғимаратына кірген сәтте біз мектептің акт залында отырған бірнеше ондаған бірінші және екінші сынып оқушыларын көрдік. Олар бізді кіршіксіз күлкілерімен және жылы қол соғып қарсы алды.

    Біз мектеп басшысы Өтегенова ханыммен қысқаша әңгімелесіп, сүйкімді балаларға жақсы тілектерімізді білдірдік. Мектеп басшысы бізгді тағы бір қошеметтеп, «NFC KAZAKHSTAN» ЖШС-ға демеушілік көмек үшін, балалрға айтқан тілектеріміз үшін алғысын білдірді. Сүйкімді балалар бізге алғыс ретінде қазаша «Әуе шар» деген өлең айтты, сосын біз барлығымыз ескерткішке суретке түстік. Мерекелік шара 30 минутқа созылды.

    Мектеп «NFC KAZAKHSTAN» ЖШС компаниясының жабдықтарды сақтау қоймасына жақын орналасқан Мектеп жөндеу жүргізу керек болғандықтан мектеп басшылығы бізден көмек сұрады. Біздің компания мектепті цементпен, бояулармен және басқа құрылыс материалдарымен қамтамасыз етті. Сонымен қатар мектепке құны 500 000 теңгеге жуық үш стационарлық компьютерді сыйға тартты.

    2017 жылы «NFC KAZAKHSTAN» ЖШС спортқа және мектепке қажет керек-жарақтарды алып берді. Мектептің жанында орналасқан екінші дүниежүзілік соғыс батырларына арналған ескерткішті жөндеп, қалпына келтірді. Бүгінгі күні «NFC KAZAKHSTAN» ЖШС өзінің беделінің арқасында жергілікті қоғамға кеңінен таныс.