Қытайдан, әлемге қызмет көрсету!
Из Китая, служим миру!
来自中国、服务世界

Тілді таңдаңыз

«NFC Kazakhstan» ЖШС компаниясының Аягөз қаласында зардап шеккендерге көмегі
Басты бет > Әлеуметтік жауапкершілік > Қайырымдылық > «NFC Kazakhstan» ЖШС компаниясының Аягөз қаласында зардап шеккендерге көмегі

  

Үйдің кілтін тапсыру сәті 

    2018 жылғы 11 наурыз. Шығыс Қазақстан облысы Аягоз қаласының тұрғындары қардың қарқынды еруінің нәтижесінде болған су тасқынынан зардап шекті. 100-ден астам үй әртүрлі дәрежеде зақымдалды. Бірнеше жүз адам баспанасынан айырылды. «NFC Kazakhstan» ЖШС салған «Ақтоғай» Тау-кен байыту комбинаты жобасы Аягөз қаласында орналасқан. Компания басшылығы болған жағдай туралы естісімен бірден зардап шеккендерге көмек ұйымдастыруды ұйғарды. «NFC Kazakhstan» ЖШС компаниясы басшысының нұсқауы негізінде бір толық емес отбасына тұрғын үй, тоңазытқыш және шаруашылық заттар сыйға тартылды. Жер телімінің аумағы 300 шаршы, ал үйдің аумағы 100 шаршыға жақын. Демеушілік көмек 5 миллион теңгені, шамамен 100 мың қытай юанін құрады.

    17 сәуірде түс ауа, «NFC Kazakhstan» ЖШС компаниясы ұжымының  4 қызметкері Павлодар қаласынан автокөлікпен шығып, 800 километр жүріп отырып кешкі сағат 23.00-де зардап шеккен жерге, Аягөз қаласына жетті.

    18 сәуір күні таңертеңнен бастап Аягөз қаласының әкімі және оның орынбасары «NFC Kazakhstan» ЖШС компаниясының делегациясымен кездесу өткізді. Қала әкімі Байахметов Бақытжан компанияға зардап шеккендерге көрсеткен көмек пен қамқорлық үшін алғыс айтып, компанияның әрдайым көрсететіп жүрген көмегі, аталмыш аймақта жасап жүрген қайырымдылық шаралары жөнінде оң пікірін білдірді. Ол өзінің «NFC Kazakhstan» ЖШС компаниясы мен ҚР үкіметі арасында өзара достық қарым қатынастың ұлғая түсетініне, ынтымақтастықтың дамитынына, NFC компаниясының үлкен жетістіктерге жетіп, күшейе түсетініне сенетінін айтты.

    Делегация өкілдері өз кезегінде компания басшылығының атынан зардап шеккендерге қолдау көрсеткен үшін облыс және қала әкімдігіне ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар Ақтоғай ТКБК салған кезде көрсеткен қолдау-көмектері үшін рахмет айтты. Үкіметтің қолдауының арқасында зардап шеккен халық қиыншылықтан арылып, табиғи апатты жеңіп шығуына, бақытты өмір сүруге қайта жағдай жасалуына тілектес екендерін және NFC компаниясының әрқашан Қазақстан халқының жанында болатынын, олармен қайғы мен қиындықтарды бірге бөлісетіндерін айтты.    

    Қала әкімдігі, «NFC Kazakhstan» ЖШС делегациясы облыстық телевидениемен бірге сыйға тартылған тұрғын үйге келіп, қысқа ғана шара өткізіп, сыйлықтарын табыстап, зардап шеккен отбасына қамқорлықтарын білдірді. Тұрғын үйдің кілтін және басқа құралдарды тапсырған кезде көп сөйлемейтін сыйлық алушының «NFC компаниясына жылы үй үшін алғыс айтамын» деген сөздері бәрінің көңілін босатты.    

    NFC компаниясы өзінің кәсіпкерлік қызметін жүргізу барысында мемлекеттің үндеуіне жауап ретінде белсенділік танытады. Өзінің әлеуметтік міндеттерін жауапкершілікпен орындап, Қазақстандағы Қытай кәсіпорындарының арасында жағымды корпаративтік имиджін қалыптасытырп, «Бір белдеу, бір жол» жобасын жүзеге асыруға өз үлесін қосуда. 2005 жылы NFC компаниясы Қазақстан нарығына шығып, Қазақстандағы алғашқы электролиз зауытын, Ақтоғай және Бозшакөл мыс байыту жөніндегі екі жаһандық алыпты, МКҚҚ, БҚҚ және КӨК салды.

    Компанияның Қазақстан аумағындағы инвестициясы 90 миллион долларды құрайды. Төленген салық сомасы 170 миллион долларға жуық, құрылыс бойынша барлық шарттардың өспелі құны 2 миллиардқа жетті. Жыл бойы жергілікті тұрғындан 1500 адам тікелей не жанама түрде жұмысқа орналасты. Олардың ең көп саны 3 000 болған. Бүгінгі күнге дейін барлық салынған жобалар пайдалануға берілді. Осы жобалардың арқасында 6 000 жұмыс орыны ашылған болатын. Сапалы инжирингтік қызметтер көрсетілген жағдайда компания әлеуметтік жауапкершіліктерді белсенді түрде қолға алады. Әрдайым  балалар сауықтыру орталығына, ардагерлер отбасыларына және т.б. қаржылай қайырымдылық көмек көрсетеді. Жобалар салынған жерлерде қар тазалауға арнайы техникалармен қамтамасыз етеді, жеңіске арналған ескерткішті қайта қалпына келтірді. Мереке күндері жергілікті тұрғындар мен қызметкерлердің қатысуымен  мерекелік шаралар ұйымдастырып, сыйлықтар сыйлайды. Компания жергілкті әкімдік пен халықтың қошеметіне бөленуде.