Қытайдан, әлемге қызмет көрсету!
Из Китая, служим миру!
来自中国、服务世界

Тілді таңдаңыз

«NFC KAZAKHSTAN» ЖШС. «Бозшакөл ТКБК» жобасы. Қайырымдылық шаралары
Басты бет > Әлеуметтік жауапкершілік > Қайырымдылық > «NFC KAZAKHSTAN» ЖШС. «Бозшакөл ТКБК» жобасы. Қайырымдылық шаралары

    1) «Бозшаколь ТКБК» құрылысы басталғанда NFC компаниясы жұмысқа көптеген жергілікті тұрғындарды қабылдады. Әсіресе жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарын. Деректер бойынша 2016 ж. маусым айында «Бозшаколь ТКБК» жобасында жұмыс істейтін жергілікті жұмысшылар саны 600 адамды құрады. Табыс деңгейі мен жқмыспен қамту индексі едәур жоғарлады.  

NFC компаниясы мүгедек жандарды белсенділікпен жұмысқа тартып, әл-ауқатының деңгейін арттыру үшін көмек көрсетіп тұрды.

    2) Құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде қауыпсіздік техникасын қадағалауға ерекше көңіл бөлінеді. Құрылыс орынындарында қауыпсіздік орнату мақсатында Компания жұмыскерлерді жоғары сапалы жеке қорғануқұралдарымен қамтамасыз етеді.

    3) Жергілікті тұрғындар мен жұмыскерлерге қамқор көрсетіп, жағдайларын жақсартады. Мереке күндері, қамқорлығын білдіріп, оларға сыйлықтар береді. Сондай-ақ, қызметкерлерге туған күндеріне арнап, торт және басқа да сыйлықтар сыйлап, мерекелік шара ұйымдастырады. Алаңдатушылық тудырмау үшін Компания жұмысшыларды елді мекендерден жұмыс орынына тегін тасымалдайтын көлік ұйымдастырды.

    4) Қайырымдылық шараларға белсенді қатысып, Бозшакөл жобасына жақын орналасқан елді мекендердің инфрақұрылымдарын жақсартуға көмек берді. Жергілікті халықтың тұрғын үйлерін жөндеуге қажет материалдарды ұсынып, жатахана, мектеп және мешітті жөндеуге көмектесті.

2015 жылы Қарағанды қаласында су тасқыны болған кезде Компания жұмысшылары зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетті. Жиналған қаржының жалпы сомасы 690 000 тенгені құрады. Компания жұмысшылары осындай жағдайларда ақша жинап, көмек көрсетуге белсенді қатысып, зардап шеккендерге деген қамқорлықтарын білдіреді.  

    5) қоршаған ортаны қорғау мақсатында, табиғатқа қол сұғудан аулақ болу үшін, Бозшакөл жобасын жүзеге асыра отырып, Компания қоршаған ортаны қорғау жөніндегі саясатты қатал қадағалады. Құрылыс қалдықтары мен тұрмыстық қатты қалдықтарды сыртқа тасымалдау, ағын суларды тазалау уақтылы орындалып отырды.  

    6) Полиция басқармасына 150 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсету арқылы полиция қызметкерлерімен бірге үйлесімді қоғам қалыптастыру жөнінде іс-шара өткізілді.

    7) Қамқорлық білдіру шарасы өткізіліп, Екібастұз қаласындағы балалар үйіне құны 1 175 800 теңгені құрайтын 6 сөре сыйлыққа берілді.